Серік Ахметов соттан жазасын жеңілдетуді сұрап, кейіннен өтінішін қайтарып алды

Серік Ахметов соттан жазасын жеңілдетуді сұрап, кейіннен өтінішін қайтарып алды Видеодан алынған кадр

Экс-премьер-министр Серік Ахметов ?ара?анды сотынан бостанды?тан айыру туралы шешімді айыпп?л?а ауыстыруды с?рап, біра? кейіннен ?тінішін ?айтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экс-премьер-министр Серік Ахметов Қарағанды сотынан бостандықтан айыру туралы шешімді айыппұлға ауыстыруды сұрап, бірақ кейіннен өтінішін қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Серік Ахметовтің адвокаты жазаны жеңілдету туралы өтінішті Қазыбек би ауданының қылмыстық істер жөніндегі сотына қалдырған. Құжатта сотталушының адвокаты бас бостандығынан айыру жазасын айыппұлға ауыстыруды сұрайды. Алайда кейінірек ол өтінішті қайтарып алынған. Оның себебі айтылмайды.

"Осы мазмұндағы өтініш Ахметовтің адвокатынан келіп түсті. Бірақ 24 мамырда адвокат өтінішті өзі алып кеткен", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, 2015 жылдың желтоқсанында Қарағанды облысының ауданаралық соты Ахметовті 10 жылға бас бостандығынан айырған еді. Бірақ 2017 жылдың қыркүйегінде Серік Ахметов бостандыққа шықты.

Ахметовтің қорғаушысы бұған дейін оның мемлекетке келтірілген шығынды толықтай өтегенін хабарлады.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама