Серік Жұманғарин Қазақстан Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Серік Жұманғарин мен Тимур Сүлейменов.

?лтты? экономика министрі Тимур С?лейменов ведомство ?жымына жа?а вице-министр Серік Ж?ман?аринді таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ведомство ұжымына жаңа вице-министр Серік Жұманғаринді таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл тағайындауға дейін Серік Жұманғарин екі жылдан астам Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетті басқарды. 

Ведомство басшысы Жұманғаринді тағайындалуымен құттықтап, оның жинаған тәжірибесін жаңа лауазымдағы жұмысында тиімді қолданатынына сенім білдірді.

Реклама
Реклама

Жұманғарин әр жылдарда Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті директоры болып жұмыс істеді, Өңірлік даму комитеті төрағасы лауазымын атқарды, республиканың Өңірлік даму министрінің орынбасары болды.

Айдар Әріпханов Ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды. Ведомство басшысы Үкімет атынан Әріпхановқа жұмысы үшін шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы үлесін жоғары бағалай отырып, алғыс айтты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама