30 қараша 2022 | 08:23

Серік Жұманғарин мен Юрий Ильин Екібастұзға барды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ҚР Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz-ге сілтеме жасап.

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов - апат орнында.

Үкімет мүшелерінің міндеттері - апаттың себептерін анықтап, зардап шеккен тұрғындардың бірінші кезектегі мәселелерін шешу. Төтенше жағдай салдарын жедел жою барысы бақылауға алынды.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істейді. 143 көпқабатты және 132 жеке үйге, сондай-ақ 13 әлеуметтік нысанға жылу қайта қосылды. 21 учаскенің 20-сында жөндеу жұмыстары аяқталды. Проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында үй аралау шарасы жалғасып жатыр. Қалада азаматтар үшін 14 жылыту пункті жасақталған.

Еске салайық, 27 қарашада түнде, сағат 01:20 шамасында, Екібастұз ЖЭО-да қазандық істен шығып, он минуттан кейін тағы үшеуі тоқтаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная