Серік Күдебаев ауруханаға түсті: сот кейінге шегерілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Генерал-майор Күдебаевқа қатысты үкім 10 наурызда шығуы керек еді. Алайда бұрынғы полиция басшысына қатысты сот отырысы белгісіз мерзімге шегерілді.

"Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушының ауруханаға жатқызылуына байланысты сот отырысы келесі аптаға шегерілді", - деді Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров. Күдебаевтың қандай диагнозбен ауруханаға түскені айтылмайды.

Реклама
Реклама

Серік Күдебаевқа "билікті немесе лауазымды асыра пайдаланды" деген айып тағылып отыр. Қылмыстық кодекстің 362-бабы бойынша оған орташа қауіпсіздік колониясында тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама