25 қыркүйек 2019 | 11:36

Серік Күдебаевтың ұлы қайтыс болған соң тұтқындалған дәрігерге әріптестері қолдау көрсетті

Қанат Тезекбаев. © gkb4-almaty.kz

Қазақстандық дәрігерлер кәсіби міндетін дұрыс атқармады деп айыпталған № 4 қалалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаевқа қолдау көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық дәрігерлер кәсіби міндетін дұрыс атқармады деп айыпталған № 4 қалалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаевқа қолдау көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Дәрігер Алматы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлы қайтыс болған соң тергеуге алынған. Сондай-ақ бұл іс бойынша аурухана анестезиологы Асқар Тұңғышбаев тұтқындалған. 

Реклама
Реклама

Дәрігердің жары кейін президентке ашық хат жолдаған. Дина Тезекбаеваның мәліметі бойынша, 2019 жылы шілдеде Нұрсұлтан Көдебаев жол апатына түсіп, №7 ауруханаға жеткізілген. Артынша оны №4 ауруханаға ауыстырып, ота жасаған. Кейін Нұрсұлтан Күдебаев Германиядағы ауруханаға жеткізіліп, сол жақта қайтыс болған. 

Бас дәрігердің жары тергеушілер Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміне себеп болған әрекетке айғақ көрсетпегенін айтады.

Ал Тезекбаевтың әріптестері оны кепілдікпен босатуға тырысып жатыр. Дәрігер Қайрат Смағұлов Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке хат жазған. Ол Байбектен Тезекбаевты кепілдікпен босатуға көмектесуді сұраған. 

Естеріңізге салсақ, Нұрсұлтан Күдебаевтың ұлы 2019 жылы тамыздың аяғында қайтыс болған еді. Ол Алатау ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарған. Артында үш баласы қалды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная