22 сәуір 2022 12:00

Серік Сәпиев Антикордың қоғамдық кеңесі құрамына кірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: t.me/antikornews

Серік Сәпиев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы қоғамдық кеңес құрамына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Сәпиев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы қоғамдық кеңес құрамына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кеңестің жаңа мүшесіне мемлекет қайраткері, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сапиев және "Әділдік жолы" РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов кірді", - делінген хабарламада.

Сурет: t.me/antikornews

Реклама
Реклама

"Мен қоғамдық кеңеске пайда әкелетініме сенімдімін, өйткені менің азаматтық ұстанымым бар. Мен елдің қарапайым азаматы ретінде адал мемлекетте, сыбайлас жемқорлықсыз, әділ мемлекетте өмір сүргім келеді ... Менің жұмыс тәжірибем, менің ұстанымым мемлекетімізді дамытуға және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, атап айтқанда, қоғамдық кеңеске ел игілігі үшін пайда әкелуге мүмкіндік береді деп ойлаймын", - деді Олимпиада чемпионы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram