Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

әлеуметтік желіден

Қарағанды ​​облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды ​​облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды.

"Құрметті достар! Мен сіздермен соңғы жаңалықтарды бөліскім келеді. Мен Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Бүгін Президент ретінде кезектен тыс конференцияда комитет басшылығының жаңа құрамын таныстырдым, сондай-ақ, алдағы жоспарларды белгіледім. Туризм және спорт министрлігіне және де бүгінгі іс-шараға қатысқан барлық ардагер мен спорт қайраткерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін!" - деп жазды ол.

Реклама
Реклама

Серік Сәпиев 2012 жылы Лондонда бокстан Олимпиада чемпионы атанды. Сондай-ақ, ол - екі дүркін әлем чемпионы (2005, 2007), Азияның да екі дүркін чемпионы (2007, 2009).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама