ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 19 қазан 2021 16:54
Серік Сәпиев министрліктегі қызметінен босатылды
Серік Сәпиев мәдениет және спорт министрлігі спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Ақпаратты ведомство баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұл ақпаратты растаймыз. Мәдениет және спорт министрлігі спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев өз еркімен қызметінен босатылды", - деді комитет баспасөз қызметінің өкілі журналиске.
Сәпиев спорт және денешынықтыру істері комитетін 2019 жылдың 30 қаңтарынан бері басқарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу