07 шілде 2022 17:33

Серік Түтебаев "Самұрық-Энерго" басшысының міндетін атқарушы болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: samruk-energy.kz

Серік Түтебаев "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып сайланды. Бұл туралы KASE Қазақстан қор биржасы сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Түтебаев "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып сайланды. Бұл туралы KASE Қазақстан қор биржасы сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 23 маусымдағы шешімі бойынша, компанияның басқарма құрамына мынадай өзгерістер енгізілді:

  • Сұңғат Есімханов басқарма төрағасынан шығарылды;
  • Серік Түтебаев басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып сайланды.
Реклама
Реклама

Қазір "Самұрық-Энерго" компаниясының басқармасында төрт адам бар: С.С. Түтебаев, А.К. Рысқұлов, Е.Д. Ивченко, А.А. Әділкеримов.

Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" қоры атынан жалғыз акционер шешімі бойынша Сұңғат Есімханов компанияның директорлар кеңесі құрамынан шығарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram