ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 27 қаңтар 2022 09:38
Серікбай Трұмов Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болды
Серікбай Трұмов Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес комитет төрағасы депутаттардың ұсынысы бойынша депутаттар арасынан сайланады", - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.
Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов депутат Серікбай Трұмовтың кандидатурасын ұсынды.
Депутаттар Трұмовтың кандидатурасын қолдап, оны қаржы және бюджет комитетінің төрағасы етіп сайлады. Бұл қызметте ол бүгін Сенат төрағасының орынбасары болып сайланған Ольга Перепечинаны алмастырды.
Айта кетейік, бұған дейін Трұмов Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінде жұмыс істеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу