12 ақпан 2020 | 12:41

Серікбай Трұмов: Маңғыстауда кәсіпкерлер саны 3.6 пайызға артты

Сурет Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығынан

Маңғыстаудағы кәсіпкерлік саласында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1853-ке көбейіп, 52949 жетті (өсім - 3,6 пайыз). Бұл жөнінде аймақ тұрғындарына есеп берген облыс әкімі Серікбай Трұмов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстаудағы кәсіпкерлік саласында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1853-ке көбейіп, 52949 жетті (өсім - 3,6 пайыз). Бұл жөнінде аймақ тұрғындарына есеп берген облыс әкімі Серікбай Трұмов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап. 

2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны - 119,1 мың адам, 864,5 миллиард теңгенің өнімі шығарылған.

Реклама
Реклама

"Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 5,4 миллиард теңгеге 235 жоба іске асып, 698 жаңа жұмыс орны құрылды, алдыңғы жылмен салыстырғанда 39,9 пайызға көп (2018 жылы - 3,3 миллиард теңге сомасына168 жоба және 303 жаңа жұмыс орны құрылды), оның ішінде: - субсидиялау бойынша 4,3 миллиард теңге сомасына 121 жоба және 672 жаңа жұмыс орны құрылды; кепілдендіру бойынша - 1 049,5 миллион теңге сомасына 105 жоба; гранттық қаржыландыру бойынша жалпы сомасы 21,0 миллион теңгеге 9 жоба қолдау алды және 26 жаңа жұмыс орны құрылды.

 

2019 жылы микрокредиттік ұйымдар арқылы 2,8 миллиард теңге сомасына 495 микрокредит берілді және 669 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2,2 миллиард теңге сомасына 411 микрокредит берілді және 568 жаңа жұмыс орны құрылды, 2018 жылмен салыстырғанда 12,6 пайызға көп  (2018 жылы - 1,8 миллиард теңге сомасына 365 микрокредит және 468 жаңа жұмыс орны құрылды), оның ішінде: қалаларда 834,3 миллион теңге сомасына 94 микрокредит беріліп, 167 жаңа жұмыс орны құрылды; ауылдарда 1,4 миллиард теңге сомасына 317 микрокредит беріліп, 401 жаңа жұмыс орны құрылды.

"Еңбек" бағдарламасы аясында 2 338 тұрғын техникалық және кәсіптік мамандықтарға оқытылды. Ал, "Бастау бизнеспен" 2705 адам кәсіпкерлік негіздерін меңгерді. 694 тұрғын мемлекеттік грантқа ие болды. Жастар тәжірибесіне - 1873 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 836 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға - 4237 адам жіберілді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная