ПОДЕЛИТЬСЯ
05 наурыз 2020 | 09:14
Серікқали Брекешев экология вице-министрі болып тағайындалды
Серікқали Брекешев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Серікқали Брекешев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ҚР Үкіметінің қаулысымен Серікқали Аманғалиұлы Брекешев ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі лауазымына тағайындалды", - делінген сайтта.
Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген.
1995 жылы Атырау политехникалық институтын "мұнай және газ кен орындарын игеру" мамандығы бойынша тәмамдаған.
1995-1997 жылдары "Қазақстан-Ресей сауда үйі" БК бас директорының орынбасары, экономист болып жұмыс істеген.
1997 жылы Ақтау қаласы бойынша Салық бөлімінің жедел бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.
1997-1998 жылдары "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ "Мұнайгермес" материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасы филиалының құбырлар және металл бұйымдары бөлімінің 8-ші разрядты инженері, көлік, арнайы техника мен қосалқы бөлшектер бөлімінің инженері.
1998-2006 жылдары - "Қарақұдықмұнай" ЖАҚ пайдалану жөніндегі инженері, кен орнында мұнай өндіру шебері, кәсіпшілік менеджері.
2007-2014 жылдары энергетика және минералды ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық лауазымдарды атқарды.
2015 жылдан бастап "ҚазТрансГаз" АҚ құрылымында жұмыс істеді - Техникалық саясат департаментінің директоры, ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директор, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директор, өндірістік-техникалық департаменттің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также