14 қыркүйек 2021 | 09:34

Серікқали Брекешев Қазақстан халқы алдында ант берді

Дина Шарипханова Корреспондент

Жаңа экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев үкімет отырысында ант берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жаңа экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев үкімет отырысында ант берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өздеріңіз білетіндей, үкімет құрамында кадрлық өзгерістер болды. Өткен аптада Мемлекет басшысының жарлығы бойынша Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы энергетика министрі, Серікқали Аманғалиұлы Брекешев экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Сізді қызметке тағайындалуыңызбен құттықтаймын, жұмысыңызға сәттілік тілейміз. Серікқали Аманғалиұлы, ант беруіңізді сұраймын", - деді премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында.

"Қазақстан Республикасының халқы мен Президентінің алдында өзімнің Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді арнауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық және ұлтаралық келісім қағидаттарын ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, елімнің мемлекеттілігі мен әлемдік қоғамдастықтағы беделін нығайтуға салтанатты түрде ант беремін. Ант беремін", - деді экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 10 қыркүйекте Серікқали Брекешев экология министрі болып тағайындалған болатын. Одан бір күн бұрын экс-экология министрі Мағзұм Мырзағалиев энергетика министрі болып тағайындалған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная