05 қазан 2017 11:37

Шағын жанармай құю бекеттерінде бензин үш күнге жетеді - Алматы әкімдігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанармай құю бекеттеріндегі жанар-жағармай материалдары 2-3 күнге жетеді. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев қаланың инвестициялық форумынан кейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде Helios, Sinoil және Қазмұнайгаз бекеттеріне шамамен 15 мың тонна жанар-жағармай материалы бар. Ол қаланы 8-10 күн бензинмен қамтамасыз ете алады.

Сонымен қатар, әкімнің орынбасары жағдайдың бақылауда екенін және жақында барлығы реттелетінін айтты

"Министрлікпен біріге отырып, жедел отырыстар өткізілді.Сондай-ақ, жергілікті атқару органдары табиғи монополияны реттеу комитетіндегілермен біріге отырып, еліміздегі жанармай құю бекеттерінде тексеріс жүргізді. Олардың айтуынша, жанармай құю бекеттеріндегі қоймаларда жанар-жағармай материалдары қалмауы керек, себебі олар қала қонақтары мен тұрғындарын дер кезінде бензинмен қамтамасыз етуі тиіс", - деді Мәдиев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети