TSO_Story_4_kaz_Исходник
"Болашаққа деген сенім маңызды"
Шағын қалашықтағы кәсіпорын алып Еуропаны қалай бағындырды?
Қазіргі әлемдегі технологиялардың тез өзгеріп отыратыны соншалық, сіз жаңашылдыққа әрең ілесіп үлгересіз.
Бірақ біздің кезекті мақаламыздың кейіпкерлерінің іс-әрекеттері шапшаң, өздері алдағыны дәл болжайтын көреген дерсіз. Өзгерістерге толы 90-шы жылдары барлығы сауда-саттықпен айналысып жатқанда, олар тәуекелге бел буып, кабель өндірісімен айналысты. Ал 2000-шы жылдары олар уақыт талабына сай қайта құрылып, сол кездегі жаңа өндірісті игерді. Осылайша олар көшбасшылардың қатарынан көріне белді.

Tengrinews.kz "Жетістік хикаясы" жобасының аясында Қарағанды облысындағы Саран шағын қалашығынан шыққан КСЕР компаниясының қалай Қазақстандағы оптикалық және LAN-кабельдің алғашқы өндірушісі болғандығы туралы айтып береді.
1993 жыл. Тәуелсіздігін жаңа алған Қазақстан өз валютасын енгізді, инфляция болды, ескі экономика құлдырап, нарықтық қатынастар пайда бола бастады. Алыпсатарлар мен саудагерлер барлық жерден дүкендер мен дүңгіршектер ашып, "жеңіл" ақша жасай бастағанда, шағын ғана Саран қаласында бір топ жолдастар мүлдем болашағы жоқ сияқты көрінген іспен - кабель өндірісімен айналысуды шешеді.
Оларға ақылынан ауысқан адамдай қараған көптеген кәсіпкерлер сауда жасап, ақшаны оңай және тез жасауға болатын мүмкіндік бар кезде қолда бар ресурстарын өнбейтін іске - өндіріске не үшін жұмсау керек екенін түсіне алмай-ақ қойды. Бірақ компанияның құрылтайшысы болашағының жарқын боларына сенді. Ол зауыт сала бастады. Құрылымы қарапайым мыс сымдарын шығарудан бастады, біртіндеп өнім желісін кеңейтіп, өндірістік қуатын арттыра түсті. Егер көптеген кәсіпкерлер өз бизнестерін гаражда бастаған болса, біз алғашқы қолдан жасалған өндірістік тауарларымызды ескі қазандық ғимаратында орналастырдық. Бұл бір қиындығы мен қызығы мол кезең еді, қателіктер де, құлдырау да, үлкенді-кішілі жеңістеріміз де болды, - дейді ұжымға 1998 жылы қосылған компанияның бас директоры Сергей Ким.
Бұған дейін Сергей Ким КСЕР компаниясының барлық құрылтайшылары сияқты шахтер болып жұмыс істеген.
Олар бір кезде жұмыстан шығып, бизнес ашты, кейін қатарларына Сергейді де шақырды. Ол алдымен бухгалтер, содан кейін бас экономист, ал 2000 жылы директор болды. Әрине, ол үшін бұл жаңа сала еді және көп нәрсені үйренуге тура келді. Шағын аймақта бизнесті дамыту оңай емес. Сергей көбінесе қажетті инфрақұрылым мен білікті кадрлардың жетіспейтінін жасырмайды. Бірақ 90-шы жылдардың қиындығын бастан өткеріп, мойымаған компания оңай беріле қоймады. Біртіндеп дамып, саладағы өзгерістер мен жаңалықтарды әрдайым назарда ұстап, өндіріс көлемін де арттыра түсті.
Қазақстанда мыс кабельдердің орнына талшықты-оптикалық желілердің қолданыла басталған кезде, біз оптикалық кабельдердің уақыты келгенін және оның мәңгілік екенін түсіндік. Бірақ оптика - бұл деректерді берудің мүлдем басқа ортасы және оны басынан бастау керек болды. Біз бірнеше жыл технологияны өзіміз зерттедік, оптикалық кабельдердің алғашқы конструкцияларын жасадық, өндірістік процестерді жолға қойдық, құрал-жабдықтарды шетелден сатып алдық. Ал 2009 жылы біз талшықты-оптикалық кабельдер өндірісін іске қостық. Осы уақытта Қазақстан Президенті біздің зауытқа келіп, қазақстандық оптикалық кабельдің бірінші шақырымын өзі бастап берді десек те болады.
Бірақ бұл жеткіліксіз болды. FTTB желісін құру технологиясын толықтыру үшін, компания 2010 жылы LAN-кабельдерді өндіруге шешім қабылдады.
Бұл кабельдер телекоммуникация саласында, мысалы, кеңседе немесе мектепте компьютерлерді жергілікті желі арқылы қосу үшін қолданылады. Бұл өндірістік желіні енгізу үшін де компания қызметкерлері бәрін басынан бастап үйренуі керек болды. Бұл бағытта да КСЕР Қазақстандағы алғашқы компания болды.
(көп пәтерлі үйлерге абоненттерді интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін технология - ред.)
Бүгінгі таңда КСЕР өнімдерін байланыс операторлары, мұнай-газ секторының кәсіпорындары, тау-кен компаниялары телекоммуникациялық желілерді құру үшін пайдаланады. Компанияның оптикалық кабель бойынша өндірістік қуаты жылына 60 мың шақырымды, LAN-кабель бойынша жылына 42 мың шақырымды құрайды. 2023 жылы кабель өндірісінің қуатын жылына 80 мың шақырымға дейін арттыратын тағы екі технологиялық желі іске қосылады.
Әрине, осындай үлкен нәтижелерге ұжымдық жұмыссыз қол жеткізу мүмкін емес.
Компания кабель шығаруды алғаш бастаған кезде, кәсіпорында 50 адам жұмыс істеді, оның ішінде жұмысшылар да, инженерлер де, кеңсе қызметкерлері де болды. Әр қызметкер бірнеше лауазымды біріктіріп, 2-3 адамның міндеттерін қоса атқаратын. Бүгінгі таңда компаниядағы 14 департамент пен қызмет көрсету саласында 300-ге жуық қызметкер жұмыс істейді.
Біз өз қатарымызға тиісті базасы бар, белсенді, өзін дамытып, компанияны сәл де болса жақсартқысы келетін адамдарды қабылдаймыз. Біздің басты принциптеріміз бен құндылықтарымыз - "Маған бәрібір емес. Мен өзім үшін және айналамдағылар үшін жауаптымын. Біз бір топпыз Біз тұтынушылардың күткенінен де асып түсеміз". Өйткені біздің компаниямыздың міндеті - клиенттерімізді қажетті уақытта және қажетті бағадағы кабельмен қамтамасыз ету арқылы телекоммуникациялық желілерді дамытуға үлес қосу.
Жетістік хикаясы подкаст түрінде қолжетімді
"Болашаққа деген сенім маңызды". Шағын қалашықтағы кәсіпорын алып Еуропаны қалай бағындырды?
Ал компанияның клиенттері тіпті шетелде - ТМД және Еуропа нарықтарында да бар.
Мәселен, КСЕР оптикалық кабельді 2016 жылдан бастап Германияға жеткізе бастады. Бүгінгі таңда компанияның жылдық айналымының 50 пайызын экспорттық айналым құрайды. Осындай жетістікке қол жеткізуге - шетелде танылуымызға 2016 жылы "Теңізшевройл" (ТШО) компаниясымен басталған ынтымақтастықтың көп көмегі тиді деп айтуға болады.
ТШО-мен серіктестік әлемдік деңгейдегі компаниямен алғашқы тәжірибеміз болды. ТШО-мен жұмыс барысында біз оптикалық кабельді әзірлеу, өндіру және сапасын бақылау тұжырымдамасын қайта қарадық. ТШО-мен болашақта кеңейту жобасына қатысуымыз туралы келіссөздер жүргізген кезде, ісіміз сәтті болуы үшін ішкі процестеріміз бен тәсілдерімізді айтарлықтай жақсарту қажет екенін түсіндік. Бұл оңай болған жоқ, бірақ біздің компания әрқашан алға ұмтылады және өзгеруге дайын. ТШО-ның қамтушыларға қоятын талаптары жоғары, бірақ айқын, құрылымды және орындалатын талаптар. Сондай-ақ, ТШО өз тарапынан бізді әрқашан қолдап отырады. Тек бәрін түсініп, үйреніп және оны істеу керек. Осындай ынтымақтастық арқылы КСЕР дамудың келесі деңгейіне жетті және бұл біздің Еуропа нарығына шығуымызға көмектесті.
Иә, компанияның мақтанатын жөні бар.
Олар шығарған оптикалық кабельмен Қазақстанның шалғай аудандарын интернетпен қамтамасыз ету үшін желілер салынуда, олар FTTH желілерінің таралу аясын кеңейтуге және байланыспен қамтамасыз ету бойынша газдандыру жобасына белсенді қатысты. Ал Еуропа нарығына шығуының өзі шалғайда отырып-ақ бизнесті дамытса, әлемдік стандарттарға дейін өсуге болатындығын көрсетеді. Мәселен, 2019 жылы KCEP "Теңізшевройл" мен ЕҚДБ-ның ірі халықаралық компаниялардағы тендерлерге дайындық бойынша тренингіне қатысып, ішкі бизнес-процестерді, тәуекелдер мен шығындарды басқаруды жолға қоюды, үздік әлемдік тәжірибелерді пайдалануды үйренді. Ал ТШО-ның көмегімен сарапшы тарту өндіріс тиімділігін арттыруға, ақауларды азайтуға және тапсырыстарды орындау уақытын қысқартуға мүмкіндік берді.
ТШО-мен жұмыс тәжірибеміздің арқасында біз қызметтер мен процестердің өзара іс-қимыл құрылымын қайта қарадық, жаңалық енгізу туралы ойладық, ал қазір кайдзен мен 5S енгізіп жатырмыз. Бізді Қазақстанның мұнай-газ секторындағы және ТМД-ның бір бөлігіндегі кәсіпорындар тани бастады, олармен әріптестік қарым-қатынас әлі күнге дейін жалғасуда. Компанияның стратегиялық жоспары экспорт үлесін 2030 жылға қарай 80 пайыздан асыруға бағытталған.
2019 жылдан бастап компания LEAN өндірісінде үнемділік әдісін игеруде, өз жұмысындағы шығындарды сараптап, тиімділікті арттыру жолдарын іздейді.
Бір жылдан кейін зауытта "ақылды қойма" пайда болды.
(өндірістегі барлық кедергілерді жоятын компаниядағы жобаларды басқару әдістемесі - ред.)
Біз WMS-жүйесі бар автоматтандырылған логистикалық орталық негізінде "Өндірістік логистика" жобасын бастау туралы шешім қабылдадық. Біздің "ақылды қойма" дегеніміз осы. Оның атаулы сақтау жүйесі бар, қызметкерлерге өндірістегі жұмыс орындарын шикізатпен уақтылы қамтамасыз ету және дайын өнімді клиенттерге дәл уақытында жөнелту үшін логистиканы қалыптастырады. Жүйе шикізатты өндіріске беру кезінде қайта сұрыптауды және дайын өнімді жөнелту кезіндегі қателерді болдырмауға, шикізаттың жарамдылық мерзімін қадағалауға және мерзімі өткен шикізатты өндіріске ұсынуға жол бермеуге, шикізатты өндіріске жеткізу жылдамдығы мен қарқындылығын арттыруға және шикізаттың болмауына байланысты құрал-жабдықтың тоқтап қалуына және бос тұруына жол бермей, жалпы компаниядағы материал ағынының сапасы мен тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді".
(қойма логистикасы процестерін оңтайландыруға арналған бағдарлама. - ред.)
Сергей логистикалық процестерді ұйымдастырудағы бұл "ақылды" тәсілдің компанияда тиімділікті арттыруға және негізгі бөлігі ТМД және Еуропа елдеріне экспортталатын өндіріс көлемінің өсуіне мүмкіндік беретінін түсіндірді.
Сырт көзге КСЕР тасы өрге домалаған компания сияқты көрінетін шығар, бірақ іс жүзінде күш-қуаты таусылып бара жатқандай кездер де болады.
Әйгілі әнші айтқандай, "сөзі де, әуені де, әл-қуатың да" болмаған кезде, жағдай бұдан да қиын болатын. Бірақ алға қарай жүруден басқа жол қалмағанын түсінесің. Осы орайда отбасының, достардың және әріптестердің қолдауына баға жетпейді. Маған жігер беріп, алға жетелейтін ерекше күш - ол өзімнің атқарып жатқан сүйікті ісім және маған сеніп, артымнан ілесіп келе жатқан ұжымым. Қандай жағдай болса да, жігерлі, табанды, адал болу керек. Ал бизнесті қандай деңгейге дейін дамытуға болатыны сіздің кәсіпкер ретіндегі талантыңызға байланысты.
Бірақ, Сергейдің пікірінше, кәсіпкердің таланты - тек пайда табу ғана емес. Бұл талант қоғамға да пайдалы болуы тиіс.
Алдымен бизнес құрасың, артынан одан алатын пайданы көбейтуге күш саласың, алайда уақыт өте келе, әлеуметтік жауапкершілік болмай, әрі қарай дамудың да мүмкін емес екенін түсіне бастайсың. Компаниямыздағы әлеуметтік жауапкершіліктің айқын көрінісі - бизнесті ашық жүргіземіз, жалақымыз жақсы, әр қызметкердің лайықты әрі қауіпсіз еңбек етуі үшін барлық жағдай жасалған, балалар мен қарттарға көмектесіп тұрамыз.
Сергейде табысты бизнес құрудың ерекше құпиясы жоқ.
Оның пайымдауынша, егер әркім өз ісін адал атқарса, табысқа жете алады.
Менің айтарым - өзіңе ұнайтын және қолыңнан келетін іспен айналыс, айналаңа өзіңмен пікірлес жандарды жина, адал бол және ешқашан болдым-толдым деп жарты жолда тоқтап қалма.
Тоқтап қалу - КСЕР компаниясына жат нәрсе.
2021 жылы компания Rosendahl жабдығын өндіретін алдыңғы қатарлы австриялық компанияның екі технологиялық желісін іске қосты. 2022 жылы тағы екеуін сатып алды, оларды 2023 жылдың басында пайдалануға беру жоспарланып отыр . Осылайша, кәсіпорын австриялық серіктесімен бірлесіп, оптикалық кабель өндірісінің толық технологиялық кешенін қалыптастыруда.
Бірлескен арнайы жоба
Бизнес-мектеп
"Ірі мұнай-газ саласына қамтушы болудың жолы қандай?"

https://tilda.cc/page/?pageid=35141048&projectid=103731

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети