ПОДЕЛИТЬСЯ
08 сәуір 2022 | 11:43
Шахрат Нұрышев сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды
Шахрат Нұрышев сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шахрат Нұрышев сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген Жарлықта.
Шахрат Нұрышев 1972 жылы 20 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Бейжің тіл институтын (1995), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (1996) және Назарбаев университетін (2012) бітірген.
Дипломатиялық мансабын 1996 жылы Азия істері басқармасының референті ретінде бастаған. 1997 жылы Үрімжі қаласындағы (ҚХР) Сыртқы істер министрлігінің төлқұжат және виза қызметіне атташе және үшінші хатшы ретінде жіберілген.
2019 жылы қазанда сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также