Шахтинск маңында 50 адам мінген автобус күтпеген жағдайға тап болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Шахтинск маңында 50 адам мінген автобус күтпеген жағдайға тап болды видео кадры

Қарағанды облысында жолаушылар мінген автобус жолдан шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысында жолаушылар мінген автобус жолдан шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Шахтинскіден шығаберіс тасжолда болған. Боран мен көктайғаққа байланысты автобус басқаруға бағынбай, жол жиегіне түсіп кеткен. Салонда шамамен 50 жолаушы болған. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ведомство жүргізушілерге үндеу жасап, күрделі ауа райы жағдайлары: боран, қатты жел мен көктайғақта аса мұқият әрі сақ болуды ескертті.

Реклама
Реклама

"Жылдамдық режимін сақтаңыздар, арақашықтықты ұстаныңыздар, манёврді ойланбай жасаудан аулақ болыңыздар, ал мүмкіндік болса, алыс сапарларды кейінге қалдырыңыздар. Жолдағы қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушының жауапкершілігіне тікелей байланысты", - деп мәлімдеді полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама