02 шілде 2020 | 09:24

Он шақты жедел жәрдем көлігінің кезекте тұруы: басқарма түсініктеме берді

Фото: Роза Есенқұлова

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бірнеше жедел жәрдем машинасының кезекте тұрғаны түсірілген видеоға қатысты түсініктеме берді. Бригадалар науқастарды психикалық сауықтыру орталығына жеткізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бірнеше жедел жәрдем машинасының кезекте тұрғаны түсірілген видеоға қатысты түсініктеме берді. Бригадалар науқастарды психикалық сауықтыру орталығына жеткізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін науқастар санының көбеюіне байланысты 30 маусымда Мақатаев 10 мекен-жайында орналасқан психикалық сауықтыру орталығында қосымша уақытша орталық ашылды. Аурухана жаңадан ашылып, әр науқастың жағдайы ауыр болды, сондықтан медициналық ұйымның мамандары мұқият тексеруден өткізді, нәтижесінде кезек пайда болды. Қазіргі уақытта мұндай кезек жоқ", - деп түсіндірді ведомствода.

Реклама
Реклама

Уақытша орталық 200 науқасқа арналған. 

"Ауруханаға қажет нәрсенің бәрі толық көлемде бар, медициналық көмек те толық көлемде көрсетіліп жатыр. Орталықта жасанды тыныс беру аппараты, оттегі жастықтары бар. Сондай-ақ, медициналық қызметкерлер барлық жеке қорғаныс құралымен және қажетті дәрі-дәрмектермен жабдықталған", - деді денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, 1 шілдеде Мақатаев көшесінде кезекте тұрған жедел жәрдем көліктерінің видеосы мен суреті пайда болған еді. Кадрлардан он шақты көлікті көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем көліктері көшені жауып, салдарынан кептеліс пайда болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная