11 наурыз 2021 14:08

"Шалқар көлінде жағдай қиын" - экология министрі Ақтөбе облысындағы экологиялық апат қаупі туралы

Видеодан алынған кадр

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінде жағдай қиын. Соңғы жылдары су арнасы тартылып, түбі кептеліп қалған. Бұл климаттық жағдайларға байланысты, себебі Мұғалжар тауларында жауын-шашын аз түсіп жатыр, қыста қар аз.
 
Аймаққа комиссия барып, қар қорының қалыңдығы соңғы 10 жылда орта есеппен 34 мм болғанын анықтады. Бұл ортакөпжылдық көрсеткіштен 20 мм-ге аз. Ал қар қоры - өзендер мен көлдерді негізгі сумен қамтушы", - деп жазды министр Twitter-де.

Оның айтуынша, биыл көлдің түбін тазалау жобасы басталады.

Реклама
Реклама

"Қажет қаржы бөлініп жатыр. Шара көлдегі судың сапасын, гидромихиялық құрамын жақсартуға, Шалқар қаласын шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді ол.
 
 

Еске салайық, Құдайберген Жұбанов атындағы университеттің экология кафедрасының доценті Ақылжан Телеуов Шалқар көлі мен Мұғалжар тауларының мәселесі қазірден бастап шешілмесе, Ақтөбе облысына экологиялық апат қаупі төніп тұрғанын мәлімдеген болатын. Жергілікті тұрғындар Шалқардағы су деңгейі күрт төмендей бастағанын байқап, дабыл қағып отыр. Көл батпаққа айнала бастады, түбі лай, жағасы қамысқа толған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram