ПОДЕЛИТЬСЯ
23 сәуір 2020 | 15:30
Шамалғандағы апат: сот отырысы кейінге қалдырылды
Алматы облысы Шамалған станциясында болған жол апатына байланысты сот отырысы карантин мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысы Шамалған станциясында болған жол апатына байланысты сот отырысы карантин мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, станция кезекшісіне қатысты тараптардың өтініші бойынша тоқтатылды.
Еске салайық, былтыр қыркүйек айында Шамалған станциясында болған апат бойынша сот отырысы жүріп жатыр. Бұл іске басты айыпталушы ретінде өткел кезекшісі Досбатыр Ахметжанов жауап беріп жатыр. Кезекшінің айыбы дәлелденсе, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также