ПОДЕЛИТЬСЯ
27 сәуір 2020 | 17:17
Шамалғандағы ТЖ: станса кезекшісіне қатысты сот үкімі шықты
Алматы облысының Қарасай аудандық сотында Шамалған темір жол өткелінде пойыз автобуспен соқтығысқан соң қозғалған іс аяқталды. Сот оқиғаға кінәлі адамға үкім жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Станса кезекшісі Ахмеджановқа үш жыл және алты ай шартты түрде мерзім берілді", - деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі өкілі.
Еске салайық, 2019 жылы 15 қыркүйекте Алматы облысының Шамалған стансасында жолаушылар автобусымен пойыз соқтығысқан болатын. Автобуста 20 адам болған, оның 16-сы салоннан шығып үлгерген. Автобус жүргізушісі қаза тапқап.
Бір жолаушы мен екі бала көліктен шыға алмай қалған еді. Апаттан соң ұзақ уақыт бойы олардың барлығының жағдайы ауыр болған.
Кейін автобус жолаушылары жүргізушінің есікті ашып, адамдарды шығара бастағанын, бірақ өзі үлгермегенін айтқан болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также