ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қыркүйек 2019 | 09:08
Шамалғандағы төтенше жағдай: зардап шеккен қос бүлдіршіннің бірі есін жиды
Шамалғандағы темір жол апатынан зардап шеккен қос бүлдіршіннің бірі есін жиды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шамалғандағы темір жол апатынан зардап шеккен қос бүлдіршіннің бірі есін жиды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Дәрігерлер бес жасар қыз жансақтау бөлімінен шыққанын қуана хабарлағанымен, жағдайы ауыр екенін айтады. Ал үш жастағы екінші қыздың беті әлі бері қараған жоқ.
"Үш-төрт күн бұрын бізге Қаскелең ауруханасынан ауыстырылған балалардың үлкені - 5 жасар бала қыркүйектің 22-де аппараттан шешіліп, есін жиды. Бүгін нейрохирургия бөліміне ауысты. Қазір бала есін жиды", - дейді Алматы қалалық №1 балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхамед Рузуддинов.
Дәрігерлердің айтуынша, аудандық ауруханадан жеткізілген соң бес жасар қызға ота жасалған. Есін жиған бүлдіршін әдеттегідей тамағын ішіп, тіл қатып жатқанын айтқан ақ халаттылар бар қиындық артта қалса да, біраз ем қабылдауға тура келеді дейді. Алайда үш жастағы екінші қыздың жағдайы өте ауыр. Қазір ол аппаратпен тыныс алып жатыр. Ал екі баланың анасы Қалқамандағы ауруханада ем қабылдап жатыр.
Алматы облысында автобусты пойыз соғып өтті
Еске салайық, 15 қыркүйекте Шамалғанда сағат 19:08-де Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінің Алматы-Отар учаскесінде №43 Алматы-Қостанай жолаушылар пойызы мен Setra маркалы №456 Алматы-Қаскелең жолаушылар автобусы күзетілетін өткелде соқтығысқан. Апат салдарынан автобус жүргізушісі қаза тауып, тағы үш адам зардап шеккен. Төтенше жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Показать комментарии
Читайте также