ПОДЕЛИТЬСЯ
10 тамыз 2021 | 13:23
Шапан, естелік сыйлықтар. Алматы әкімдігі 20 миллион теңгенің саудасын түсіндірді
Қазнет қолданушылары Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы 20 миллион теңгеге естелік сыйлықтар сатып алынғанына наразы болды. Қала әкімдігі қаражат қандай тауарларға жұмсалғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазнет қолданушылары Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы 20 миллион теңгеге естелік сыйлықтар сатып алынғанына наразы болды. Қала әкімдігі қаражат қандай тауарларға жұмсалғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тамыздың басында қоғам қайраткері Дидар Смағұлов әлеуметтік желілерде мемлекеттік сатып алу сайтында орналасқан ерекше лот туралы деректерді жариялады. Мысалы, қаланың Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы биыл маусымда 20 миллион теңгеге естелік сыйлықтар сатып алған. Мәміле бірден тікелей шарт жасасу арқылы жүзеге асты.
"Қызмет сый жасау үшін емес, сатып алу үшін жасалған. Мен мұның егжей-тегжейін нақтылағым келеді, бірақ мемлекеттік сатып алу сайтында техникалық ерекшелік ретінде бір ғана жол көрсетілген. Яғни, әкімдік естелік сый ретінде тіс шұқығыш сатып алса да, заң бойынша ол дұрыс.
Мемлекет басшысының бюджет шығындарын оңтайландыру қажеті мен имидждік шығындарға тыйым салу туралы мәлімдемесін қазақстандықтар қалай қолдағаны есіңізде ме? Алайда Алматы қаласы әкімдігінің өзіндік ұстанымы бар", - деді Смағұлов.
Алматы әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді. Баспасөз қызметі мәліметінше, естелік сыйлықтар Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажет болған.
"Дағдарыстан кейін экономиканы қалпына келтіру және одан әрі өсуін қамтамасыз ету шеңберінде елге шетелдік инвестициялар тарту мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Осыған байланысты Алматының инвестициялық мүмкіндіктері туралы шетелдік бизнесті ақпараттандыру және таныстыру үшін инвестициялық іс-шаралар өткізу тиімді саналады.
Пандемияға қарамастан, былтырғы жылы шетелдік инвесторлармен халықаралық кездесулер өткізілді. Осы іс-шаралар аясында картиналар, шапандар, естелік жиынтықтар және басқа да кәдесыйлар отандық өндірушілерден сатып алынды", - деді әкімдік өкілі.
Инвесторларды тарту жөніндегі іс-шаралардан кейін 2021 жылдың алғашқы алты айында Алматыға 460 миллиард теңгеден аса инвестиция салынған. Сондай-ақ, екі Helmir медициналық-оңалту орталығы, Valterm зауытының және Orhun Medical көпсалалы клиникасының құрылысы сияқты ірі жобалар іске асқан.
Бұған дейін Алматы әкімдігі шетелдік блогерлерге 26 миллион теңге жұмсағаны хабарланған болатын. Грузия, Армения, Беларусь, Ресей, Украина, Түркия, Корея, БАӘ және Гонконгтан келген 20 танымал әлеуметтік желі қолданушыларының ұшу, бес жұлдызды қонақүйде бес күн тұруын, күніне үш рет тамақтану және "Медеу", Көк Төбе және Жасыл базарға бару шығындарын төлеген. Блогерлерге ұлттық тағамдарды дайындау бойынша мастер-класс өтіп, ұшу алдында естелік сыйлықтар берілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также