ПОДЕЛИТЬСЯ
07 сәуір 2021 | 10:36
"Шашынан сүйреген". Атырауда балабақша тәрбиешісінің әрекеті видеоға түсіп қалды
Атырау облысында балабақшалардың бірінің тәрбиешісі 4 жасар қызды шашынан сүйреген. Видео әлеуметтік желілерде таралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақжайық" басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырау облысында балабақшалардың бірінің тәрбиешісі 4 жасар қызды шашынан сүйреген. Видео әлеуметтік желілерде таралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақжайық" басылымына сілтеме жасап.
БАҚ мәліметіне сүйенсек, оқиға 5 наурызда Атырау облысының Жаңа Қаратон кентіндегі "Балдырған" балабақшасында болған. Видео кадрларынан тәрбиешінің кішкентай қызды алақынымен ұрып, шашынан сүйрегенін көруге болады. Кейін әйел баланың шашын жинап береді.
Жағдайға қатысты аудандық білім бөлімінде қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Арнайы комиссия құрылды.
"Қабылданған шешім туралы қосымша хабарланады", - деді Жылыой ауданы әкімдігінде.
Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімі ҚК-нің 140-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтiң немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң басқа да жұмыскерiнiң кәмелетке толмаған адамға қатыгездік танытуымен ұласқан орындамауы немесе тиісінше орындамауы" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также