Шай үшін емес: Семейдегі полицейлер кезекшілікке қант алып шығатын болды

атты полиция Абай облысы ПД фотосы

Семейдегі тұтас бір полицейлер взводы кезекшілікке шыққанда міндетті түрде шақпақ қант ала шығады. Мұның себебі - олардың "серіктестері", яғни жылқылар тәттіні жақсы көреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Семейдегі тұтас бір полицейлер взводы кезекшілікке шыққанда міндетті түрде шақпақ қант ала шығады. Мұның себебі - олардың "серіктестері", яғни жылқылар тәттіні жақсы көреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Семей қазақстандық атты полицияның отаны саналады. Дәл осы жерде, 2003 жылы патрульдік полиция батальонының базасында еліміздегі алғашқы кавалериялық взвод құрылған болатын. Содан бері жыл сайын сәуір мен қазан аралығында қаладағы қоғамдық тәртіпті күзетуге атты полиция взводы шығады. Атты полицейлер күн сайын саябақтарды, жағалауларды, орман алқаптары мен көлік қозғалысына шектеу қойылған немесе жолсыз жерлерді патрульдейді.

Күн сайын атты патруль аймақ тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, ондаған шақырым жол жүреді. Ат үстінде отырғандықтан, көру аясы кеңейіп, сақшы құқық бұзушылықты немесе көмекке мұқтаж адамды тезірек байқай алады. Сонымен қатар, қызметкерлер мен жануарларды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді.

Жарнама
Жарнама

Полицейлер атқа міну шеберлігі мен қызмет өткеру тактикасын жетілдіріп отырады, ал жылқылар адам көп жиналған жерде, қала шуы мен түрлі кедергілерге қарамастан сабыр сақтап жұмыс істеуге арналған арнайы жаттығулардан өтеді.

Фото: Абай облысы ПД

"Заманауи технологиялар құқық қорғау органдарының жұмысын өзгерткенімен, кейбір дәстүрлер өзгеріссіз қалады. Абай облысының атты полициясы - тарих, ұлттық дәстүр мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі заманауи міндеттер бір-бірімен үйлесім тапқан осындай мысалдардың бірі", - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мән-жайы

Еске салайық, Алматыда мотопатрульдер іске қосылды – енді мотоцикл мінген қызметкерлер жолдардағы жағдайды бақылайды, ережебұзушылықтарды анықтайды және көлік ағынын реттеуге көмектеседі.

Бұған дейін Алматыда самокат патрулі де пайда болған еді. Тәртіп сақшылары қала көшелеріне электрсамокатпен шығып, осы көлік түрін тізгіндегендерді тексере бастады. Бір күннің ішінде 70-ке жуық ережебұзушылық анықталған, оның ішінде самокатты кәмелетке толмағандардың басқару деректері де бар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама