Шекарадағы екі теміржол станциясының басшылары қызметінен босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: КТЖ

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Сауранбаев жұмыс сапарымен "Қорғас" АЭА-ға барды. Сапар барысында теміржол станциясының екі басшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамаубаев пен Сауранбаев KTZE-Khorgos Gateway порты, "Нұр жолы" және "Алтынкөл" өткізу бекеттері жұмысын тексергені хабарланды.

"Жұмыс сапары барысында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кездесу өтіп, онда Қазақстан-Қытай шекарасында бизнес жүргізудің ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды.

Сапар нәтижесінде Достық және Алтынкөл шекаралық теміржол станцияларының басшылары қызметтерінен босатылды", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама