Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Жамбыл облысында шекарадан есірткі заттарын жасырын алып өтпек болған шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында шекарадан есірткі заттарын жасырын алып өтпек болған шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 желтоқсанда Жамбыл облысының "Айша-бибі" өткізу пунктінде ҰҚК Шекара қызметі есірткі заттарының ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті.

"Техникалық құралдарды қолдану арқылы көліктің жасырын жерлерінде күдікті зат салынған 36 қап табылды, олардың кейбіреулерінде "999" таңбасы болды. Сараптама нәтижесінде жалпы салмағы 30 келіден асатын тәркіленген заттардың есірткі екендігі анықталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тәркіленген заттардың ішінде:

  • героин - 0,999 келі,
  • апиын - 3,620 келі
  • гашиш - 25,949 келі.

Шетелдік азамат ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама