ПОДЕЛИТЬСЯ
08 тамыз 2022 | 14:09
"Шексіз сары мұхит". ШҚО-дағы күнбағыс алқабының видеосы Желіні тәнті етті
Желіде Шығыс Қазақстан облысындағы күнбағыс алқабының видеосы таралып жатыр. Видео авторы - бейнеоператор Талғат Бекмағамбетов (Талашин), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде Шығыс Қазақстан облысындағы күнбағыс алқабының видеосы таралып жатыр. Видео авторы - бейнеоператор Талғат Бекмағамбетов (Талашин), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көздің жауын алатын кадрларды автор Instagram желісіндегі жеке парақшасында жариялаған.
"Егістік Өскеменнен Катонқарағайға, Алтай ауылына (бұрынғы Зырян) баратын жол бойында орналасқан. Биыл егіс алқаптары көп болды, сондықтан оны табу қиынға соқпайды", - дейді Бекмағамбетов.
"Не деген сұлулық", "Біздің Швейцария", "Шығыс Қазақстан облысы табиғатын ерекше сүйетін сияқтысыз", "Сөзсіз сұлулық", "Шексіз сары мұхит", - деп дрон арқылы әуеден түсірілген видео астына Желі қолданушылары пікір қалдырған.
Талғат Бекмағамбетов Шығыс Қазақстан облысына жазда жиі келетінін, жылдың осы мезгілінде табиғат керемет болатынын мойындады.
"2019 жылы ата-анаммен осы өңірге барған соң, ерекше байланыс пайда болды. Содан бері Шығыс Қазақстан облысына жаз сайын бірнеше рет келіп тұрамын. Менің ойымша, шынымен де Қазақстанның ең әсем табиғаты осы өңірде", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также