Шенеунік 2,3 миллион теңгені жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Фото:depositphotos.com

Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Жезқазған соты облыстың Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ә.С. Омарға қатысты үкім шығарды.

Ол мұражай мамандары мен басқа да ғалымдардың мақалалар жинағын шығару бойынша орындалмаған жұмыстары үшін заңсыз аудару арқылы 2,3 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Реклама
Реклама

"Омар бұрын Жезқазған қалалық сотының 2024 жылғы 12 наурыздағы үкімі бойынша, пара алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылғандықтан, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3,6 бөліктеріне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы Ә.С. Омарға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түпкілікті жазасы тағайындалды".

Үкім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама