31 желтоқсан 2023 | 10:58

Шенеунік жалдап тұрған пәтер иесін пышақтап, денесін өртеп жібермек болған

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтірді деп айыпталған 28 жастағы экс-шенеунік Михаил Малеевке үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 7152.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтірді деп айыпталған 28 жастағы экс-шенеунік Михаил Малеевке үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 7152.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам облыстық статистика департаментінің бір бөлімінде қызмет еткен еді. Бірақ ол 64 жастағы пәтер иесін өлтірді деп айыпталған. Ол әйелге жиырма шақты рет пышақ сұғып, кейін денесін өртеп жібермек болған.

Сол күні Малеев жалға беру ақысын кейінге қалдыру туралы келіссөз жүргізу үшін үй иесімен кездесуге барды. Ол бас тартуы мүмкін екенін болжап, "адам өлтіруге тікелей ниеті болған", сондықтан ол өзімен бірге пышақты алған. Үй иесі келісімнен бас тартты; ер адам ашуланып, пышақ сұға бастады. Қылмыстың ізін жасыру үшін Малеев мәйітті өртеп жібермек болған.

Реклама
Реклама

Прокурор 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Малеев өз кінәсін мойындады.

Нәтижесінде сотталушының әрекеті қасақана адам өлтіру ретінде сараланды. Малеевтің айғақтарымен және қылмыстық іс материалдарымен кінәсі дәлелденді. Сотталушы 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная