30 қыркүйек 2019 | 12:17

Шенеунік пара ретінде автомобиль алған деген күдікке ілінді

faktom.ru

Қостанай облысында мемлекеттік құрылыс мекемесінің басшылары пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында мемлекеттік құрылыс мекемесінің басшылары пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне сілтеме жасап. 

Рудный және Арқалық қаласында құрылыс бөлімінің басшылары пара алды деген күдікпен сотқа дейінге тергеу шаралары жүріп жатыр. 

Реклама
Реклама

Антикоррупциялық қызмет мәліметінше, Рудный қалалық әкімдігінің "Рудный қалалық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекеменің басшысы пара ретінде 10,4 миллион теңге тұратын Nissan Qashqai автокөлігін ЖШС-дан "Рудный қаласындағы шағын аудандарды газдандыру" объектісі бойынша орындалған жұмыстар актілерін кедергісіз қабылдау үшін алды деген күдікке ілінді. 

Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу шаралары "Арқалық қаласы әкімдігінің құрылыс, архитектура және қаласқұрылысы" ММ басшысы 250 мың теңгені жоғарыда көрсетілген ЖШС өкілінен "Восточный ауылында су құбыры желілерінің құрылысы" нысаны бойынша 45 миллион теңгеге орындалған жұмыстар актілерін кедергісіз қабылдау үшін алды деген күдікке ілінді. 

"Лауазымды тұлғалар Қылмыстық процессуалдық кодексінің 128-бабы тбойынша ұсталып, Қостанай қаласының полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, жоғарыда аталған лауазымды тұлғаларға пара беруге күдікті ЖШС өкіліне қатысты да тергеу жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасады", - делінген хабарламада.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная