14 желтоқсан 2021 | 23:01

Шенеуніктер балконға неге тулар графикалық бағдарлама көмегімен "ілінгенін" түсіндірді

Алматы облысы Талғар ауданының әкімдігі өкілдері тұрғын үй балкондарына графикалық бағдарламамен салынған тулар туралы жарияланымға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шенеуніктер мұны Панфилов ауылдық округі әкімдігі маманының "болмашы қателігі" деп атап отыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Талғар ауданының әкімдігі өкілдері тұрғын үй балкондарына графикалық бағдарламамен салынған тулар туралы жарияланымға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шенеуніктер мұны Панфилов ауылдық округі әкімдігі маманының "болмашы қателігі" деп атап отыр.

Аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, 10 желтоқсанда өңірде "Терезедегі ту" акциясы өтті, оның мақсаты "азаматтардың патриоттық сезімін күшейту" болыпты.

"Бұл акцияға барлық мемлекеттік құрылыммен қатар Панфилов ауылдық округінің әкімдігі де қатысты. Ауылдық әкімдік бөлімінің маманы осы үйде тұратын отбасылардан олардың балкондарына жалаулар ілу үшін алдын ала рұқсат алды. Тұрғындар қуана келісті.

Бірақ, өкінішке қарай, келісілген уақытта үйде бір ғана отбасы болды. Қалғандары отбасылық демалыс үшін Алматыға немесе басқа қалаларға кеткені кейін анықталды. Нәтижесінде маман тек бір туды іліп қойды. Бірақ жарияламас бұрын, пәтер иелерінің рұқсаты болғандықтан, қалған жалауларды салуға шешім жасаған. Бірақ кейін бұл суретті сол күні жойды", - деді Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Алайда, фолловерлердің бірі скриншот жасап, блогерлерге фотосуретті жіберіп үлгерген.

"Әрі қарай, өздеріңіз білетіндей, блогерлер мазақ етті. Ауыл әкімдігін теріс қырынан көрсету үшін олар да осы скриншотқа фотошоп маманының түсініктемесін жариялады.

Бірақ бөлім маманының әрекетінде заңға қайшы ештеңе болған жоқ. Оның үстіне, қызметкердің мемлекеттік рәміздерді қорлауға ниеті болған жоқ. Ол өзінің қателігін мойындады және дереу жарияланымды жойды. Бірақ блогерлердің жарияланымы әлеуметтік желілерде тез тарады, тіпті республикалық БАҚ жазды. Бір қызығы, бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік ту бейнеленген кәмпиттердің қағаздары қоқысқа лақтырылатынына назар аудармайды", - дейді әкімдік өкілдері.

Осыған байланысты Талғар ауданының әкімдігі азаматтардан Тәуелсіздік күнінің 30 жылдығы қарсаңында оларға қолдау көрсетуді және өзінің Мемлекеттік рәміздері бар фотосуреттерін әлеуметтік желілерде көбірек жариялауды сұрапты.

Еске салайық, бұған дейін Панфилов ауылдық округінің әкімдігі көпқабатты үйдің балкондарына Қазақстанның туын графикалық бағдарлама арқылы салып, жариялаған болатын. Бұл туралы әкімдіктің Instagram-дағы парақшасынан белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная