ПОДЕЛИТЬСЯ
24 шілде 2024 | 10:57
Шенеуніктер жұмыстардың созылуына байланысты лауазымынан айырылды
Жоғары аудиторлық палатасының тексеруі елеулі заңбұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жоғары аудиторлық палатасының тексеруі елеулі заңбұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жетісу облысы әкімдігінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері биыл мамырда Жоғары аудиторлық палата жүргізген мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігі аудитінен кейін жауапкершілікке тартылды.
"Мемлекеттік аудит өңірде бюджеттің нәтижелі атқарылуына әсер ететін бірқатар жүйелі проблемалар мен заңбұзушылықтарды анықтады. Мысалы, абаттандыру және инженерлік желілер бойынша жұмыстардың кешіктірілуі дайын тұрғын үйді қоныстандыру мерзімдерінің бұзылуына әкелді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Панфилов ауданында төрт 60 пәтерлі және екі 80 пәтерлі тұрғын үй 1,5 жылдан астам уақыт бос тұр. Олардың жалпы құны шамамен 5,8 миллиард теңге. Заңбұзушылықтар басқа салаларда да анықталған.
"Аудит қорытындысы бойынша, облыс әкіміне белгіленген тәртіппен ҚР заңнамасын бұзған адамдарды жауапкершілікке тарту тапсырылды. Нәтижесінде 2 адам қызметінен босатылды, тағы 6 адам сөгіс алды, 2 адам ескертулер алды. Сонымен қатар, 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также