Шенеуніктер мұндай қиын кезеңнің өзінде байып жатыр - агенттік төрағасы

© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев коронавирус пандемиясы кезінде кейбір шенеуніктер дәрілер, медициналық құралдардың есебінен байып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев коронавирус пандемиясы кезінде кейбір шенеуніктер дәрілер, медициналық құралдардың есебінен байып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлі күнге дейін пара беру жүйесі өркендеп жатыр. Оның ставкалары бәріне белгілі. Мұны мойындау қиын. Кейбір шенеуніктер осындай қиын кезеңнің өзінде жеке қорғаныс құралдарын, дәрі-дәрмектерді және медициналық жабдықтардың есебінен байып жатыр. Бұл мәселені оларды ұстау және қамау арқылы шешу мүмкін емес, - деді ол.

Реклама
Реклама

Алик Шпекбаев мәселені шешудің жолын ұсынды.

"Мен мәселенің шешімі ретінде барлық деңгейдегі бюджеттің толық ашықтығын, сондай-ақ қоғамдық және азаматтық қадағалауды қамтамасыз ету есебінен жүргізілуі қажет деп санаймын", - дейді агенттік төрағасы.

Айта кетейік, осыған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы "СҚ-Фармация" басшылығына үндеу жасаған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная