ПОДЕЛИТЬСЯ
24 шілде 2020 | 10:11
Шенеуніктердің қазақ тілін білу деңгейі жаңа формат бойынша анықталады
Шенеуніктердің қазақ тілін білу деңгейі жаңа формат бойынша анықталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік басқару академиясына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шенеуніктердің қазақ тілін білу деңгейі жаңа формат бойынша анықталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік басқару академиясына сілтеме жасап.
Осы жылдың мамыр айында мемлекеттік басқару академиясы алғаш рет қазақ тілін білу деңгейі бойынша оқыту тұжырымдамасының негізіне сүйене отырып, RESMI QAZTEST атты тестілеудің жаңа форматын әзірледі.
Пилоттық режимде іске қосылған бұл тест мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Тест қазіргі таңда академияға оқуға тапсырған үміткерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында білім беру бағдарламаларына іріктеу жүргізу кезінде, яғни, конкурстық іріктеу кезеңінде қолданылып, апробациядан өту үстінде.
Тестілеу жоғары оқу орнынан кейінгі аудиторияның қазақ тілінің ғылыми, ресми, публицистикалық стильдері бойынша әр түрлі көлемдегі бірізді мәтін құрастыру (баяндамалық, талдамалық-сараптамалық), көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын деңгейлеп анықтауға мүмкіндік береді.
"Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде қазақ тілі балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін оқытылады, нормативтік құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілген, ал, жоғары оқу орнынан кейінгі тілді кәсіби саланың бағытына бейімдеп оқыту нормативті-құқықтық тұрғыдан қарастырылмаған. Мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі қазақ тілін ауызекі тілде ғана қолданады, ресми стильдің жазылымы мен мәтін құрастыру техникасын, әдіс-тәсілдерін жоғары оқу орнында игермеген, көпшілік алдында сөз сөйлеудің стратегияларын қолданбайды", - дейді RESMI QAZTEST" тестілеуін құрастырушылардың бірі Нәзигүл Төленбергенова.
RESMI QAZTEST әлемдік тәжірибелер негізінде әзірленген және тыңдау, көпшілік алдында сөйлеу, ресми оқу, ресми жазу және CEFR сынды халықаралық тестілеу орталықтарының орфографиялық нормаларын қамтиды: базалық деңгей (В1, В2) және еркін деңгей (С, С2). Үміткердің қазақ тілін меңгеру құзыреттілігін анықтауға арналған RESMI QAZTEST тыңдалым, лексика-грамматика, жазылым, сұхбат бөлімдерінен тұрады.
Тыңдалым бөлімі - үміткердің 1,5-2 минуттық видеода көрсетілген ақпараттың өзектілігін дұрыс түсінуіне бағытталса, лексика-грамматикалық бөлім – сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мәнін анықтау мақсатында әзірленген. Жазылым бөліміт тест тапсырушының ресми стильде мәтін құрастыра алу дағдысын, сұхбат бөлімі үміткердің көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын анықтауға бағытталған.
"Бұл қажеттіліктен туындап отыр, біріншіден, мемлекеттік қызметшілердің ресми стиль бойынша білімдері бірізді анықталады, кәсіби қызметке қажетті білім академияда оқытылады. Екіншіден, мемлекеттік аппарат тілдік жағынан кәсібилендіріледі, соның ішінде, деңгейлеп оқыту бағдарламаларын енгізу арқылы мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілінің ресми стилінде оқу, тыңдау, сөйлеу, жазу дағдылары дамытылады",- деді Нәзигүл Төленбергенова.
Қазіргі таңда мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсуге үміткерлер RESMI QAZTEST-ті пилоттық форматта сынақтан өткізіп жатыр.
14-31 шілде аралығында үміткерлер бұл тестті APA.TALANTIZ.KZ онлайн платформасында тапсырады.
Оқуға қабылданған, алайда мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесі B1-ден төмен болғандар академияның қашықтан оқыту курстарынан немесе өзге тіл орталықтарының курстарынан өту арқылы оқу жылы басталғанға дейін өз деңгейлерін талап етілетін межеге дейін көтерлеруі керек.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также