Шерхан Қалмұрзаның жаттықтырушысы өмірден өтті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ҚФФ баспасөз қызметі

"Қайрат" ФК академиясының жетекшісі Кирилл Кекер 46 жасында күтпеген жағдайда өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қайрат" ФК академиясының жетекшісі Кирилл Кекер 46 жасында күтпеген жағдайда өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы "Қайрат" футбол клубы мәлімдеді.

"Бұл - бүкіл клуб үшін орны толмас ауыр қайғы. Он жылдан аса уақыт "Қайрат" жүйесінің ажырамас бөлігі болып, қазақ футболының даму бағытын айқындауға атсалысқан адамның қазасы бәрімізді терең күйзелтті. Кирилл Сергеевич өз ісіне адал, талапшыл әрі әділ маман еді. Жас ойыншылардың мүмкіндігін ашып, ең маңызды сәттерде қолдау көрсете білетін нағыз тәлімгер болатын. Академияның, негізгі команданың, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының дамуына қосқан үлесі зор", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Кирилл Кекер әр жылдары клуб құрылымында маңызды лауазымдар атқарған. 2022-2024 жылдары негізгі команданы басқарды. 2025 жылы академияға жетекшілік етіп, Қазақстан U-19 құрамасымен жұмыс істеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама