Шерзат Болат ісі: сотта тараптардың жарыссөзі басталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өлімі бойынша сот отырыстары жалғасып жатыр. Дүйсенбі, 2 маусымда тараптардың жарыссөзі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өлімі бойынша сот отырыстары жалғасып жатыр. Дүйсенбі, 2 маусымда тараптардың жарыссөзі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарыссөз басталар алдында тараптар өтініштерін білдірді. Атап айтқанда, айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаевтың адвокаты қорғауындағы адамның жауабын істен алып тастауды сұрады. Сот бұл мәселені ашық қалдырды.

Абзал Шынасылдың қорғаушысы соттан қорғауындағы адамның жарақатын іске тіркеуді сұрады.

Реклама
Реклама

Адвокаттың айтуынша, төбелес болған кезде Абзалдың қолында жарақаты болған және қолында темір спица тұрған, өйткені ол оны қаржылық мүмкіндігі болмағандықтан уақытында алдыра алмаған. Осыған байланысты, адвокаттың айтуынша, Шынасыл жәбірленушілерге толық күшпен соққы бере алмаған. Сот бұл өтінішті қанағаттандырды.

Тағы бір қорғаушы соттан Қаржаубай Нұрымовты қайта тергеуді сұрады. Сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Кейін сот отырысы тараптардың жарыссөзіне өтті. Сот жарыссөз барысында тараптар тек сот отырыстарында зерттелген фактілерді ғана келтіре алатынын еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама