ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 23 мамыр 2025 16:49
Шерзат ісі бойынша сот отырысы: тікелей эфирде жер сілкінісі сезілді
Шерзат ісі бойынша сот отырысына қатысушылар жер сілкінісін сезді. Оқиға тікелей эфирге түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осы сәтте сотта сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров сөйлеп жатқан болатын. Ол бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысқан сарапшы ретінде танымал. Жер сілкінісінен кейін судья үзіліс жариялады.
Еске салайық, Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, 15:59-де (Астана уақытымен) Талдықорғаннан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде магнитудасы 4,6 болатын жер сілкінісі тіркелген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу