Шерзат ісі: сот-медициналық сарапшы жасөспірімнің ағасының жарақаттары туралы айтты

Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

28 мамырда Талдықорған сотында Шерзат Болаттың (Полат) өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

28 мамырда Талдықорған сотында Шерзат Болаттың (Полат) өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот отырысында марқұм Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев төбелес кезінде алған жарақаттарды тексерген сот-медициналық сарапшы Өмірбек Жолымбетов жауап берді.

Өмірбек Жолымбетовтың айтуынша, жарақаттарды сараптау төбелестен жеті күн өткен соң жүргізілген. Оған дейін жарақаттар медициналық қорытындыда тіркелген. Сот-медициналық сараптама 9 қазанда жүргізілген.

Реклама
Реклама

Оның сөзінше, тексеру кезінде келесі жарақаттар анықталған: оң көздің астыңғы қабағында көгерген ісік (3x1,5 см), оң құлақтың артында дәл осындай көгерген жер (2x1 см). Сонымен қатар желке тұсында жұмсақ тіндердің ісінуі, бел тұсында ұзынша сызат (15x0,4 см), үсті жұқа қызыл қыртыспен жабылған.

"Оң жақ бөксе тұсында тік бағытта, ұштары доғал, тегіс жиегі бар, жұқа қыртыспен жабылған жарақат (1,2x0,1 см) болған. Сондай-ақ, оң жақ бөкседе осыған ұқсас екі жарақат, ал оң жақ бөксенің төменгі бөлігінде ұзынша сызат (8x3 см) болған. Сол жақ тізе буынының алдыңғы жағында үш домалақ сызат, оң жақ тізе буынының алдыңғы жағында да үш сызат болған", – деп оқыды сарапшы сот-медициналық қорытындыны.

Сарапшының айтуынша, терапевт дәрігердің тексеруінен кейін Нұрқанат Ғайыпбаевқа келесі диагноз қойылған: жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, маңдай аймағының жұмсақ тіндерінің жарақаты мен сызаттары, желке тұсындағы гематома, кеуде қуысының жабық жарақаты, екі шынтақ буынының жұмсақ тіндерінің жарақаты, оң жақ бөксе бұлшықетінде бірнеше шаншылып-кесілген жарақат, оң тізе буынының жұмсақ тіндерінің жарақаты.

"Үш аптадан аспайтын уақытқа денсаулықтың қысқа мерзімді бұзылуы – жеңіл дене жарақаты болып саналды. Бет аймағындағы, бөксе мен аяқ-қолдардағы көгерулер денсаулыққа зиян келтірмейтін жарақаттар ретінде бағаланды", – деді сарапшы.

Айыпталушылардың адвокаттары сарапшыға тек бөксеге тиген пышақ жарақаттары туралы сұрақтар қойды: мұндай жаралар өлімге, мүгедектікке немесе есінен тануға себеп бола ала ма?

Сарапшы бұл сұрақтарға жоққа шығаратын жауап берді.

Алайда жабық бас-ми жарақаты мен кеуде жарақатының зардабы туралы бірде-бір сұрақ қойылған жоқ. Бұл сұрақтарды жәбірленуші тараптың адвокаты қойды.

– Сіз диагноз қойғансыз: бас-ми жарақаты және бастың көгерген жерлері. Бұл жарақаттар не арқылы жасалған? Бұл мылтықтың дүмімен жасалуы мүмкін бе? Мұндай жарақаттан адам есінен танып қалуы мүмкін бе?

"Медициналық құжаттамадағы деректерге сүйене отырып, Ғайыпбаевқа бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, маңдай аймағының жарақаттары мен сызаттары, желке тұсындағы гематома диагнозы қойылған. Бұл қорытындыны науқасты қараған невропатологтар мен мамандар жасаған. Мұндай зақым келгенде, яғни бас-ми жарақаты болса, адам есінен танып қалуы мүмкін", - деп жауап берді сарапшы.

Еске салайық, 29 сәуірде сотта марқұм Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың көрсетілімдері жарияланған болатын. Ол төбелеске қатысып, бірнеше пышақ жарақатын алған, кейін сотқа дейін қайтыс болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама