Шерзат ісіне қатысты сот: айыпталушылардың қорғаушылары прокурорға қарсылық білдірді

Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

Талдықорғанда Шерзат Болаттың (Полат) өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Сот отырысы барысында айыпталушылардың қорғаушылары прокурорға қарсылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талдықорғанда Шерзат Болаттың (Полат) өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Сот отырысы барысында айыпталушылардың қорғаушылары прокурорға қарсылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, бүгін сот отырысында айыпталушы Дархан Әскентайдан жауап алу басталды. Прокурор Дана Сәрсенбай айыпталушы Дархан Әскентайға сұрақтар қойып бастаған кезде оның қораушысы прокурорға қарсылық білдіретінін мәлімдеді. Бұл қарсылықты қорғаушы тарап қолдады.

"Ол (Дана Сәрсенбай – еск.) сұрақтарды бұрмалап қойып, айыпталушыға қысым көрсетіп, дауыс көтеріп сөйлеп отыр. Біз мемлекеттік айыптаушыға қарсылық білдіреміз", – деді адвокат Мәулен Ержанов.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, адвокаттар прокурор Дана Сәрсенбай жәбірленуші тараппен "процессуалдық емес байланыс" орнатқанын мәлімдеді.

Еске салайық, 5 мамырда сот отырысы әлеуметтік желілерде жарияланған айыпталушылардың видеосын талқылаудан басталды. Жарияланған бейнежазбада айыпталушылардың күлімсіреп, кабинадан шыққаны көрінеді. Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушылары мен қоғам тарапынан наразылық туғызды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама