Шерзатқа қатысты сот отырысы: қорғау тарабы судьяға қарсылық білдірді

Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

Бүгін, 28 мамырда, Шерзат Болаттың ісі бойынша кезекті сот отырысында қорғау тарабы судьяға қарсылық білдірді. Осыған байланысты сот отырысы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 28 мамырда, Шерзат Болаттың ісі бойынша кезекті сот отырысында қорғау тарабы судьяға қарсылық білдірді. Осыған байланысты сот отырысы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таңертеңгі отырыста сот-медициналық сарапшы Өмірбек Жолымбетов сөз сөйледі. Ол Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың төбелес кезінде алған жарақаттарының сипаты туралы айтты.

Осыдан кейін сотталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы – Абенов төрағалық етуші судья Е.С. Жанұзақовқа қарсылық білдірді.

Реклама
Реклама

"Қылмыстық-процестік кодекстің 87-бабы 11-бөлігіне сәйкес, істі жеке қарап жатқан судьяға қарсылық білдірілген жағдайда, оны осы соттың төрағасы немесе басқа судья қарауы тиіс. Осы заң нормасына сәйкес, қарсылықты осы соттың судьясы А.А. Беймбетов қарайды", – деп хабарлады Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 29 сәуірде сотта Шерзаттың ағасы – Нұрқанат Ғайыпбаевтың қайтыс болғанға дейін берген жауабы оқылған еді. Ол төбелеске қатысып, бірнеше пышақ жарақатын алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама