26 мамыр 2023 | 15:37

"Шешім жоқ" - БҚО әкімі батыстағы киіктердің жағдайы туралы

Фото ©️ Tengrinews.kz / Иван Сухоруков

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев еліміздің батысында саны миллионнан асқан киіктер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев еліміздің батысында саны миллионнан асқан киіктер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада өткен брифингте БҚО әкімі қазір ақбөкендер саны шамамен 1,5 миллионға жеткенін тілге тиек етті.

"Нақты санақ пен болжам бірнеше күннен кейін аяқталады. Ферма иелерінің алаңдаушылығын түсінемін. Мен оңтүстіктегі төрт облысты түгел араладым. Тұрғындармен кездестім, олар киіктер фермерлерге зиян тигізетінін айтты. Олар бұл мәселені көтерген кезде мен экология министрінің өкілін отырысқа шақырдым. Мамырда киіктер төлдей бастайды. Мамандар мен біздің ғалымдарды шақырдым. Киіктердің саны өте көп екенін өз көздерімен көрді", - деді аймақ басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сауалына жауап бере отырып.

Реклама
Реклама

Әкім Қазақстан СИТЕС халықаралық конвенциясының мүшесі екенін айтты

"Олардың санын реттеуге құқымыз жоқ. Дүниежүзіндегі киіктердің 95 пайызы Қазақстанда. Бұл жойылып бара жатқан түрі. Біз енді шаруалармен, тұрғындармен келісіп, бір шешімге келуіміз керек. Осы уақытқа дейін ешқандай шешім қабылданған жоқ. Сарапшыларымыз күзде Ташкентте барып, халықаралық мәселелерді талқылайды. Бізге күту керек", - деп түйіндеді сөзін әкім.

Айта кетейік, бұл мәселені шешуге көмектесу үшін Қазақстанға халықаралық сарапшылар шақырылған. Бір кездері жойылып кету қаупі төнген жануарлар саны қайтадан көбейе бастады. Бұл экономикалық жағынан пайда алып келеді. Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен шаруа қожалықтарының басшылары шенеуніктерден тезірек шешім шығаруды сұрайды. Tengrinews.kz тілшісі БҚО-да болып, шетелден шақырылған қонақтармен бірге өңірдегі жағдайды зерттеді. Толығырақ мына сілтемеде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная