Шетелде қанша қазақстандық сайлауға қатысты?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:t.me/pressmfakz

Сыртқы істер министрлігі президент сайлауында шетелде дауыс берген қазақстандықтардың саны туралы мәліметті ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігі президент сайлауында шетелде дауыс берген қазақстандықтардың саны туралы мәліметті ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шетелдік мекемелерде 53 учаскеде 68 учаскелік сайлау комиссиясы ашылды, сайлаушылардың жалпы саны 12 841 адам", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысын аяқтады.

Реклама
Реклама

"Қазақстанның 11 360 азаматы дауыс берді, ол 88,47 пайызы. Қазақстан Республикасы азаматтарының басым бөлігі Ресейде - 2 600 адам дауыс берді. Дауыс берушілер саны бойынша Түркия екінші орында - 1 423 адам, Өзбекстан үшінші орында болды – 591 адам", - деді СІМ өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама