Шетелдегі қаржыны қайтару. Жамаубаев Тоқаевқа есеп берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Үкіметтің қаржы-экономикалық салада атқарып жатқан жұмыстарының негізгі бағыттары туралы есебін тыңдады.

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес кедендік әкімшілендіру ісін жетілдіру бойынша қабылданып жатқан жедел әрі жүйелі шаралар, шетелдегі қаржыны қайтаруды және елден ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимылдардың нақты тетіктері пысықталып жатқаны туралы айтылды.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік қаржының қазіргі жағдайы, жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат берілді.

Ерұлан Жамаубаев экономиканы монополиядан арылту және 2022 жылғы республикалық бюджетті нақтылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама