22 наурыз 2021 12:46

Шетелден келген тағы екі қазақстандықтан коронавирус табылды

Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz

20 наурызда шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген екі қазақстандықтан коронавирус табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

20 наурызда шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген екі қазақстандықтан коронавирус табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

20 наурызда шетелден 400 қазақстандық ПТР-анықтамасыз ұшып келген. 

"Екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы табылды. Бір жолаушы Шарм-эль-Шейх - Ақтөбе, екіншісі Минск - Нұр-Сұлтан рейсімен келді", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, жаңа статистика жарияланды. 2021 жылы 21 наурызда Қазақстанға Германия, Венгрия, Мальдив аралдары, Шри-Ланка, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 43 халықаралық рейс келген. 177 қазақстандықтың ПТР-анықтамасы болмаған. Оның ішінде Алматыда - 141 адам, Нұр-Сұлтанда - 29, Түркістанда - 7 адам.

ПТР-анықтамасы жоқ қазақстандықтардан сынама алынған, олар нәтижесін карантин стационарында күтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram