09 қазан 2020 13:58

Шетелден ұшып келген қазақстандықтардың ПТР талдау нәтижесі белгілі болды

Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Шетелден келгеннен кейін екі күндік карантинге жатқызылған барлық 893 қазақстандықтың коронавирусқа ПТР-тест нәтижелері теріс болды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелден келгеннен кейін екі күндік карантинге жатқызылған барлық 893 қазақстандықтың коронавирусқа ПТР-тест нәтижелері теріс болды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"6 қазаннан бастап халықаралық рейстерде COVID-19 бойынша жаңа талаптар енгізілді.

Биыл 6 және 7 қазанда әуе рейстерімен келген ПТР анықтамасы жоқ 893 қазақстандық COVID-19-ға тексерілу үшін екі күндік карантинге жатқызылды", - деді көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау және Орал қалаларына келген жолаушылар COVID-19-ға ПТР әдісімен талдау жасату үшін екі күндік карантинге жатқызылды.

"Анықтамасыз келген әуе жолаушыларының барлығында ПТР талдау нәтижесі теріс болды", - деді Байғабылов.

Ол Қазақстанға 6 және 7 қазанда ПТР анықтамалары бар 2 925 авиажолаушы келгенін, яғни бұл 70 пайыздан асатынын атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram