ПОДЕЛИТЬСЯ
05 маусым 2022 | 12:17
Шетелдік бақылаушы референдум туралы: Қызығушылық өте жоғары
Халықаралық Түркі академиясының (ХТА) вице-президенті Физули Маджидли Нұр-Сұлтанда Конституцияға түзетулер мен толықтырулар енгізу бойынша дауыс беру басталған кезде сайлау учаскелеріне барғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Халықаралық Түркі академиясының (ХТА) вице-президенті Физули Маджидли Нұр-Сұлтанда Конституцияға түзетулер мен толықтырулар енгізу бойынша дауыс беру басталған кезде сайлау учаскелеріне барғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз Халықаралық Түркі академиясының бақылаушы миссиясы саналамыз. Қазірдің өзінде 9 сайлау учаскесін аралап шықтық, миссиямыз жалғасады. Қазіргі уақытта референдумға халықтың қызығушылығы бар және қызығушылық өте жоғары деп жауап бере аламыз. Біз Қазақстанда сайлау құқығының бұзылу жағдайларын таппадық. Біздің ойымызша, Қазақстанның ОСК және басқа да уәкілетті органдары барлық норманы сақтайды.
Біз бірнеше сайлау учаскесін араладық. Қазақстанның қонақжайлылығына куә болдық", - деді Маджидли брифингте.
Ол ХТА түркі әлеміндегі гуманитарлық және ғылыми ынтымақтастықты үйлестіретінін түсіндірді.
"Осы себепті түркі әлемінің академиялық қауымдастығы Қазақстандағы референдумды жоғары қызығушылықпен бақылап отыр деп айта аламын. Қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында түркі елдерінің бірлігі мен ынтымағы өте берік болуы керек деп есептейміз. Біз бақылау миссиямызды күні бойы жалғастырамыз және Қазақстанда жағдай тұрақты болады деп үміттенеміз.
Қазақстан - біздің Отанымыз, яғни біз - түркі мемлекеттері үшін ол бөтен жер емес. Түркі мемлекеттері үшін, Әзербайжан үшін Қазақстанның рөлі өте маңызды, ал Қазақстандағы референдум мен реформалар Түркия, Әзербайжан және басқа да түркі мемлекеттері үшін өте маңызды", - деп қосты ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также