13 желтоқсан 2019 | 09:00

Шетелдік қандастарға қандай көмек көрсетілетіні айтылды

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен Отандастар қоры және Nur Otan партиясы өзара бірлесіп қандастарға қолдау көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен Отандастар қоры және Nur Otan партиясы өзара бірлесіп қандастарға қолдау көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков пен Отандастар қоры КЕАҚ Президенті Нұртай Әбіқаев және Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Реклама
Реклама

Үшжақты меморандумға қол қоюдағы басты мақсат - дүниежүзіндегі қазақтарды тарихи отаны төңірегіне ұйыстыруға қолдау көрсету, атамекеннен тыс жерде, басқа елде туып өсіп, елге оралған қандастарымызға көмек қолын созу.

Осы орайда "Партиямыздың доктринасында жазылғандай, біздің негізгі құндылығымыз - адам, оның қадір-қасиеті мен құқықтары, амандық-саулығы мен заңдық мүдделері. Сондықтан, Nur Otan елге көшіп келген отандастарымызды үнемі қолдап отырады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде "Оралмандар" деп аталып жүрген тұрғындарымызбен жұмыс істейміз, оларды біздің қоғамымызға бейімделіп, жақын тарту үшін қандастар деп атауды ұсынамын", - деді.

Сондықтан осы меморандумның аясында "Отандастар" қоры және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен бірлесіп, туған жерге көшіп келген отандастарымызға тіркелу, Қазақстан азаматтығын алу және басқа мәселелер бойынша құқықтық кеңес пен ақпараттық көмек беріп отырамыз. Елімізге көшіп келген әр азамат бейімдеуден өтіп, тез арада еңсесін тіктеп, етек-жеңін жиып, отбасымен, бала-шағасымен ел қатарлы тұруы керек. Олардың барлығы мемлекетіміздің, партияның, тұтас халқымыздың қолдауын сезінуі тиіс", - деді Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Ал "Отандастар" қорының президенті Нұртай Әбіқаев қор құрылған күннен бастап осы күнге дейін атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталып, бірлескен меморандумның маңыздылығын атап көрсетті.

"Бүгінгі қол қойылатын меморандум Nur Otan партиясымен бірігіп, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруға мүмкіндік береді деген ойдамыз. Партияның еліміздің барлық аудандарында филиалдары барын ескерсек, қандастарды қолдауға бағытталған жұмысымыздың өнімді болатыны сөзсіз", - деді Қор президенті Нұртай Әбіқаев.

Өз кезегінде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайында берген тапсырмасына сәйкес, шет елдердегі қазақ диаспораларының білім алуына, ана тілін үйренуге, тарихи отаны мен мәдени-гуманитарлық байланысының артуына мүмкіндіктер ашылғанын, үшжақты меморандум шеңберінде "Нұр-Отан" партиясымен бірлесіп, қандастарға жұмыс, баспанамен қамтамасыз ету және дарынды жастарға қолдау көрсету жөнінде бірлескен жұмыстар атқарылатынын тілге тиек етті.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы биылғы жылдан бастап "Балдәурен" сауықтыру орталығында дем алуы үшін шет елдерде тұратын қазақ диаспорасы балаларына 288 орын бөлінді. Назарбаев зияткерлік мектебі базасында жазғы демалыс кезінде 150 бала үшін тарих, әдет-ғұрыптарды үйрету бағдарламасы міндетті түрде қамтылған жазғы тіл курстарын ұйымдастыру жобасы жүзеге асырылды.

Осылайша, басқа да жазғы демалыс бағдарламаларын қоса алғанда, шетелдегі отандастарымыздың жалпы саны 600-ден аса ұл-қыздары еліміздегі балалар лагерлерінде дем алып қайтты. Осыған байланысты балалар демалысына арналған орын санын жыл сайын 4000-ға ұлғайту жоспары алға қойылып отыр. Жоғарғы оқу орындарына түсуі үшін тиісті квота көлемі 4 пайызға дейін артты.

"Нұр-Сұлтан қаласынан 10 шақырым жерде 42-разъездің маңынан ауыл шаруашылығына арналған 196 гектар жер алынған. Бұл жер телімдерін 1 282 отбасы иеленді. Оларға жайлы пәтерлер мен үйлерден тұратын шағынаудан құрылысын жоспарлап отыр. Бұл агроқалашықта 3 500 жұмыс орны ашылады. Бұл жоба кейін еліміздің 9 облыс орталығында құрылады. Түркістан облысының Келес ауданында болады. Отанға көшкісі келетін қандастарымыз үшін 200 гектар жерге агроқалашық салу жоспарланып отыр. Мұның өзі де қосымша жұмыс орындарын ашады. Осындай жерлерге арнаулы білімі бар 35 жасқа дейінгі жастар шақыру жоспарланған", - дейді Зауытбек Тұрысбеков.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная