24 қараша 2022 11:47

Шетелдік көліктерді тіркеу 200 мың теңге: Парламент заң қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Парламент 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінген көліктерді заңдастыру үшін бастапқы тіркеу ретінде төлем құнын белгілеуді көздейтін салық кодексіне түзетулер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінген көліктерді заңдастыру үшін бастапқы тіркеу ретінде төлем құнын белгілеуді көздейтін салық кодексіне түзетулер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді Қазақстанда шетелдік көлікті бастапқы есепке 200 мың теңгеге қоюға болады. Жалғыз шарт көлік 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін елге әкелінуі керек. Сенат заң қабылдады, ол Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілген.

"2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктерді заңдастыру мақсатында алғашқы тіркеу үшін бірыңғай төлем құнын белгілеу 300 мыңға жуық автокөлікті есепке қоюға мүмкіндік береді, сондай-ақ, жергілікті бюджетті көлікке салынатын салықпен толықтырады", - деді депутат Ғұмар Дүйсембаев.

Реклама
Реклама

Сенатордың айтуынша, өзгерістер салық төлеушілерге, мемлекет мүддесіне, сондай-ақ, ел экономикасына оң әсер етеді.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктерді тіркеу үшін біржолғы шара ұсынған енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram