Шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркелуге міндеттеледі

Фото:depositphotos.com

Сауда және интеграция министрлігінің басшылығы шетелдік онлайн-дүкендер үшін жұмыс шарттарын қайта қарау бастамасын көтерді. Бұл шешімге қазақстандықтардың юрисдикциядан тыс орналасқан сауда интернет-платформаларына қатысты жиілеп кеткен шағымдары себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сауда министрі Арман Шаққалиев үкімет отырысында шетелдік маркетплейстерді тіркеуге арналған электрондық платформаны енгізуді ұсынды.

Сондай-ақ, оларға тауарлардың қауіпсіздігі талаптарын сақтау, контрафактімен күресу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жеке деректерді сақтау және қорғау, салық және кедендік ашықтық мәселелері бойынша міндетті талаптарды енгізу жоспарланған.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама